Компания туралы

VIP-чартерлік рейс
жүк рейсі
санитарлық рейс
Көп сатылы
Өтініш қосу

    2004 жылы құрылғаннан бері ATM JET компаниясы бүкіл әлемде қызмет көрсететін ғаламдық компания деңгейіне дейін өсті:
    -Азаматтық авиация
    ATM JET компаниясы әлемнің барлық елдерінде жеке рейстер, санитарлық рейстер мен арнайы жүк рейстерін ұйымдастырады. Соңғы он жыл ішінде біз мыңдаған азаматтық авиация рейстерін ұйымдастырдық. ATM JET компаниясының авиация қызметтерінің толық қатарын көрсетуге мүмкіндігі бар, оларға жолаушыларды тоқтаусыз тасымалдау үшін тиісті ұшақты таңдау, ұшуға рұхсаттарды және әуежай слоттарын алу, арнайы мәзір дайындау және әуе чартері мен жердегі қызметтеріне деген барлық жеке сұраныстарды қанағаттандыру. Сонымен бірге, біз сіздің сапарыңыз қауіпсіз және жеңіл болуы үшін жердегі трансферлерді және қонақжайларға орналастыруды да ұйымдастырамыз. ATM JET компаниясы – Ресей Біріккен ұлттық іскерлік авиация қауымдастығының ресми өкілдігі.

    -Тікұшақтар
    ATM JET компаниясы Ресейде екі тікұшақты Eurocopter AS350B2 және Robinson 44 тікұшақтарын иеленеді және пайдаланады. Сонымен қатар бізде бүкіл әлемдегі жалдауға берілетін тікұшақтарға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Біз сізге тікұшақ рейстерінің ең төменгі бағасын ұсынатынымызға кепілдік береміз.
    -Яхталар
    2006 жылдан бері ATM JET компаниясы Француз Ривьерасы, Италия, Ресей, Үнді мұхиты, Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігі, Индонезия, Кариб теңізі аралдары сияқты және тағы басқа көптеген өңірлерде яхта чартері қызметтерін көрсетіп келеді. Сіз біздің вебсайтымыздағы 2500-тен асатын яхталар ішінен таңдай аласыз. Біздің яхта жөніндегі қызметкерлеріміз сіздің сапарыңыздың қамын жасайды және оның қауіпсіз және жағымды болуын қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар ATM JET компаниясы төмендегі салаларда қызмет көрсетеді:

    Жеке ұшақтар, тікұшақтар мен яхталарды сату-сатып алу;
    Ұшақ пен тікұшақты басқару;
    Коммерциялық кәсіпорындар мен жеке тұлғалар үшін авиация жөнінде кеңес беру;
    Халықаралық әуе компаниялары үшін өкілдік, маркетинг және жердегі пайдалануды қадағалау қызметтері;
    Консьерж қызметі ;
    Жеке аралдарды жалдау.

    Біздің клиенттеріміз:

    Мемлекеттік қызметкерлер;
    Корпоративтік жеке меншік иелері мен жоғарғы деңгейдегі басшылық;
    Спорт командалары
    Гастрольға шығатын топтар
    Зор байлық иелері.

    Біздің тобымыз іскерлік авиациясында және халықаралық яхта туризмінде тәжірибесі мол сенімді мамандардан тұрады.

    Толығырақ

    Тұрақты сатып алушы карточкасына қосылу

    Өз карточкаңызды тіркеңіз және біздің қызметтерімізге тапсырыс берген кезде, жеке нөміріңізді көрсетуіңіз керек. Сонымен бірге, сіз біздің компаниямыздың арнайы ұсыныстары мен жарнамалары туралы әрдайым хабардар боласыз.